Су тасқыны: Ақмолада үш адам отырған жеңіл көлікті су ағызып әкетті

Аққан көлікте 3 адам болыпты. Екеуі құтқарылған. Біреуін іздеу жүріп жатыр.

Сәуір 6, 2025 - 10:43
 0  631
Су тасқыны: Ақмолада үш адам отырған жеңіл көлікті су ағызып әкетті

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік суға ағып кетті. Бір адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Tiek.kz порталы.

Куәгерлер түсірген видеода көліктің суға ағып бара жатқаны көрінеді. Аққан көлікте 3 адам болыпты. Екеуі құтқарылған. Біреуін іздеу жүріп жатыр", - деп жауап берген Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Tiek.kz сауалына.

Құтқарушыларға қоңырау 20.15 түскен. Іздестіру жұмыстарына Ақмола облысының және Астана қаласының құтқарушылары жұмылдырылған. 

Айта кетерлігі, осындай қауіпті аумақтарда көлік қозғалысына ІІМ қызметкерлері жауапты.


 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0