Тағы да жол апаты: Қарағанды облысында төрт адам қаза тапты

Тамыз 19, 2024 - 17:34
 0  59
Тағы да жол апаты: Қарағанды облысында төрт адам қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Қарқаралы қаласынан Ботақара ауылына дейінгі автожолда 18 тамыз күні сағат 11:00 шамасында болған. 

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 20 жастағы ер адам Lada Priora көлігін басқара алмай, келе жатқан жолаққа шығып, 44 жастағы жүргізушісі бар Opel Vectra көлігімен соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де, Lada Priora жолаушысы да, Opel Vectra жолаушысы да сол жерде қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Тағы 3 жолаушы әр түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0