Талдықорғанда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

Тамыз 20, 2026 - 10:34
chat_bubble  0 visibility  3
Талдықорғанда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды
Фото: Видеодан скрин

Талдықорғанның айналма жолында екі автокөліктің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Апат салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Полиция жүргізушілерді Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау және жол қиылыстарынан өту кезінде ерекше сақтық танытуға, қарсы бағытта келе жатқан көліктерге жол беруге және қауіпсіз жылдамдықты таңдауға шақырады», — деп еске салды Жетісу облысының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0