Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады
Тараздық талапкер Нұрқанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 ұпай жинады. Қуанышты хабарды түлек білім алатын “Білім-Инновация” лицейі мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
“Бұл жетістік бір күннің нәтижесі емес. Бұған дейін Нұрқанат “XXI ғасыр көшбасшысы” зияткерлік байқауының жеңімпазы атанды. Оған қоса тарих пәні бойынша республикалық олимпиаданың үш дүркін алтын медаль иегері болды. Оның әрбір жетістігі мұғалімдердің еңбегі, жүйелі білім беру, ата-анасының қолдауы және оқушының зор талпынысының нәтижесі”, – деді лицей өкілдері.
Digital Business мәліметінше, Нұрқанат Қанат ҰБТ-ға дайындалған JUZ40 білім беру орталығы оған жетістігі үшін үш сыйлықтың бірін таңдауды ұсынған. Атап айтқанда, бизнес-класс пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы.
Бұдан бөлек, білім беру орталығы талапкерге төрт жыл бойы ай сайын 140 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлемек. Ал талапкердің ата-анасына 3 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
Қазақстанда ҰБТ-ның негізгі кезеңі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0