«Тасқынмен салыстырдым»: Роза Рымбаева не себепті екінші рет күйеуге шықпағанын айтты (ВИДЕО)

Қазан 31, 2025 - 12:35
«Тасқынмен салыстырдым»: Роза Рымбаева не себепті екінші рет күйеуге шықпағанын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Роза Рымбаева кезекті сұхбатында өмірден өткен жолдасын сағынып жүргенін ашық айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Халық әртісі өнерде де жалғыз екенін жасырмады. 

"Күйеуімді сағынамын. Мен тек өмірде жалғыз емеспін, өнерде де жалғызбын. Әрине, өнеріме ғашық адамдар бар. Мен оның барлығын Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды кездестірмедім, іздеген де жоқпын. Екі балама өзім әке, өзім шешемін. Менің осы деңгейге жетуіме еңбегін, шығармашылығын, білімін арнаған - Тасқын. Онымен кездеспегенде сахнада жүру, жүрмеуім белгісіз. Оны жасың ұлғайған сайын түсіне бересің", - деді ол. 

Желі қолданушылары Роза Рымбаева туралы жылы сөз жазып, әншіге жарыса қолдау білдірді. 

@qanat_tileuhan

♬ оригинальный звук - qanat_tileuhan

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow