«Жеңгеміздің чатқа жіберген аудиосы бар»: Мақсот Қарабалиннің інісі жаңа деректермен бөлісті
Әлеуметтік желіде белгілі журналист Жанат Молдашова марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен сұхбаттасқан бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жанат Молдашованың айтуынша, қара жамылған отбасы ауыр қасіреттен әлі ес жия алмай, ауыл тұрғындары қатты үрейленіп отыр.
«Қаралы отбасы мына жауыздықтан естерін жия алмай жатыр. Жангелдин халқы үрейде отыр. Ағайын-туыс қаскөй қылмыскерді тезірек құрықтауды талап етеді. "Марқұмдар сарайдан қалай табылды? Оған дейін тінту жүргізілді ғой" деген сұрақпен мыңдаған адам мазалады. Оқиға басталғалы басы-қасында жүрген, марқұм Мақсот ағамыздың інісі Шалқар біраз сауалдарыма жауап берді. Өте ауыр жағдай. Бірақ қоғамның трагедиясы болғандықтан айтылуы, жазылуы керек. Қазалы отбасының туыстарына қандай жұбату сөз айтарыңды да білмейсің?!» – деп жазды ол.
Марқұм Мақсот Қарабалиннің бауыры оқиғаға қатысты жаңа деректермен бөлісті.
Шалқар Мұқанғалиев: «Нәсіп жеңгеміздің ағайын-туыстарының чаттарына жіберген аудиосы бар. Сол аудио хабарламаларының бірін 7 қараша күні жіберген. Күдік тудырмас үшін... Қалай болғанда да, біреу жіберіп тұр. Қазіргі таңда телефонның бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп ойлап тұрмыз», – деді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0