Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Пәтерден 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылған.

Қазан 9, 2026 - 14:16
 0  2
Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қазанда Теміртау қаласындағы Республика даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінде болған. Пәтерден 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылған.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0