«Терезеден алыс тұрыңыз»: Астанада дрондар тұрғындарға ескерту жасады (ВИДЕО)

Мамыр 7, 2025 - 14:15
 0  504
«Терезеден алыс тұрыңыз»: Астанада дрондар тұрғындарға ескерту жасады (ВИДЕО)
Фото: Instagram/aliya_knsh

7 мамыр күні Астанадағы әскери парад басталар алдында дауысзорайтқыш орнатылған дрондар көпқабатты үйлердің терезелеріне жақындап, тұрғындардан терезелерін жауып, шегініп тұруды сұрады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Куәгерлердің сөзінше, дрондардың бірі 20-қабат биіктігіне дейін көтерілген. 

Тәуелсіздік алаңы маңындағы үйлердің тұрғындары дрондардың терезе маңында ұшып жүріп, мынадай мазмұндағы ескертуді қайталағанын жеткізді:

«Құрметті тұрғындар! Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін терезені жауып, одан алыстауыңызды өтінеміз», - дейді дрон. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 4
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 2
😮 Жарайсың 0