Тоқаев Путинмен сөйлесті

Қыркүйек 26, 2025 - 17:35
 0  28
Тоқаев Путинмен сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына мән берілді.

Әңгімелесуде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0