«Turki tilmash»: Астанада түркі тілдерін дәріптейтін жаңа байқау басталды
26 қыркүйек - Түрік тілдерінің мейрамы. Осыған орай Юнус Эмре институтының Астана қаласындағы орталығында дипломатиялық миссия өкілдері мен түркі тілдеріне қызыққан қалың аудитория үшін арнайы жоба ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Айта кетейік, "Turk tiime" медиа агенттігімен бірлесе ұйымдастырылған "Turki tilmash" жобасы бұдан былай ай сайын Юнус Эмре институтының орталығында ұйымдастырылып тұрмақ.
Жарыс жүйесінде өтетін жобаның әр бағдарламасына 18 адамнан қатысады. Олар интеллектуалды ойын форматындағы сұрақтарға жауап беріп, қосымша ұпай және ақша ұтып алуға мүмкіндік алады.
Ал әр бағдарламаның жеңімпазы 9 айдан кейін өтетін үлкен финалда бақ сынауға мүмкіндік алады.
– Бұл байқау биылғы жылға арналған ерекше және жаңа бағдарлама. Түрік тілінде сөйлейтіндер бұрын-соңды мұндай форматта жиналмаған. Бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Байқауды Түрік тілдері мерекесіне орай бастауымыздың да өзіндік символдық мәні бар. Жастарға түркі дүниесін таныта отырып, түрік тілдерін жетілдіруге мүмкіндік береміз. Институт студенттері ғана емес, түрік тіліне қызығушылық танытқандардың барлығына қатысуға рұқсат етіледі. Сондықтан, әр айдың соңғы аптасында түрік тіліне қызығушылық танытқан барша қауымды осындай форматтағы бағдарлама күтеді, - деді Юнус Эмре Институты Астана мәдени орталығының үйлестірушісі Гүлмира Ешманова.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0