Түркістанда көшеден 10 айлық сәби табылды

Полиция бір сағатта баланы ата-анасымен қауыштырды.

Маусым 3, 2024 - 12:40
Маусым 3, 2024 - 12:47
Түркістанда көшеден 10 айлық сәби табылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында көшелердің бірінен 10 айлық сәби табылды. Оның ата-анасын полиция қызметкерлері 1 сағат ішінде анықтады, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарлама түсірді. Онда ер адам, көше бойында жасқа толмаған сәбидің бір өзі еңбектеп жүргені туралы хабарлады. Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады», - делінген хабарламада.

Белгілі болғаны, анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен. Өз кезегінде анасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow