Түркістан облысында келін енесін тонап кеткен

Желтоқсан 29, 2025 - 14:50
 0  12
Түркістан облысында келін енесін тонап кеткен
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер 8,5 миллион теңге көлеміндегі пәтер ұрлығын ашты, деп жазады bairaqmedia.

Полицияға облыс тұрғыны үйінен алтын әшекейлер мен ақшаның жоғалғаны туралы арызбен жүгінген. Оқиға бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, тексеру барысында күдікті ретінде жәбірленушінің келіні ұсталған.

Тергеу мәліметінше, келін мамыр айынан бері енесінің үйінен алтын бұйымдар мен қолма-қол ақшаны ұрлап отырған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 8,5 миллион теңгені құрайды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0