Түркістан облысында тойда тілек айтамын деп басы дауға қалған тұрғын ұсталды
Түркістан облысы Жетісай қаласында өткен тойда сөйлеген сөзі қоғамда резонанс тудырған тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында хабарланғандай, әлеуметтік желілерде Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының жария айтқан сөздері түсірілген бейнежазбаның таралуына байланысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасының Конституциясында еліміздің зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет екені, ал адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылықтар екені бекітілген (1-бап). Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, жынысына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға байланысты кез келген кемсітуге тыйым салынады (16-бап). Сонымен қатар сөз бостандығы басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпауға тиіс, ал діни және әлеуметтік араздықты насихаттауға жол берілмейді (23-бап)", - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0