Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

Шілде 17, 2026 - 10:29
app_badging Шілде 17, 2026 - 10:41
chat_bubble  0 visibility  6
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты
Фото: Ашық дереккөз

Бәйдібек ауданындағы Шаян-Екпінді автожолында болған жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысып, салдарынан 7 адам оқиға орнында көз жұмды.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауды, жол және ауа райы жағдайларын ескеріп, жылдамдықты асырмауды сұрайды. Сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0