«Түрмеде той өтті ме?»: Қуандық Бишімбаев туралы ақпаратқа адвокаты жауап берді

Сәуір 7, 2026 - 14:28
app_badging Сәуір 7, 2026 - 14:49
chat_bubble  0 visibility  366
«Түрмеде той өтті ме?»: Қуандық Бишімбаев туралы ақпаратқа адвокаты жауап берді
Фото: tengrinews.kz

Azattyq Ruhy редакциясына хабарласқан аноним дереккөз 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев ресми некеге түсіп, заңды некедегі әйелімен кездесуге шығып тұратынын айтты. Бұл ақпараттың рас өтірігін анықтау үшін Azattyq Rýhy редакциясы сотта оның адвокаты болған Ерлан Ғазымжановқа хабарласты, деп жазады Sadaq.kz. 

Біз адвокаттан «Қуандық Бишімбаевтың ресми некеге тұрып, сол некедегі әйелімен ұзақмерзімді кездесуге шығып жүргенін» растауды не жоққа шығаруды сұрадық.

«Бұл ақпаратты жоққа шығарамын», - деді адвокат қысқа жауап бере отырып.

Дегенмен, Azattyq Ruhy осы мәселеге қатысты комментарий алу үшін Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0