«Тұрсынбек пен Мөлдірді бірге көрсек екен»: Жазира Байырбекова тілегін жолдады (ВИДЕО)
Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі жариялаған бейнежазбада оларға ақ тілегін жеткізді.
«Мөлдір мен Тұрсынбек екеуі де тойда бірге болса екен. Ең болмаса дос ретінде, балаларының алдында әр қуанышта бірге жүрсе екен. Қонаққа бірге барса екен. Тұрсынбек пен Мөлдірді бірге көрсек екен деп армандап отырмын. Ең болмаса балалары үшін дос болып қалса, араласып, бас қосып тұрса екен. Тұрсынбекті де, Мөлдірді де құрметтеймін, сыйлаймын. Екеуі де өте жақсы адамдар. Білмеймін, шын жүректен осыны тілеп отырмын», – деді Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, Мөлдір Мұқан үш баласының қуанышын атап өтіп, дүркіретіп той жасады. Салтанатты кеште жарияланған видеолар желіде қызу талқыланып, Тұрсынбек Қабатовтың келмегені көптің назарын аударды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0