«Тұрсынбек жездем сатқындық жасады»: Мөлдір Мұқанның көңілін көтерген Қайрат Нұртас көпті тәнті етті
Танымал журналист Ербол Мәндібек желіде әнші Қайрат Нұртастың әрекеті туралы жазды, деп хабарлайды sadaq.kz.
«Қайрат Нұртасқа ризамын. Қашан да адам көңіліне қарап жүреді. Кеше Жазира мен Жанболаттың тойында жұрттың бәрі жұп-жұбымен билеп елеріп жүрді. Айтпағым бұл емес.
Тұрсынбек жездем сатқындық жасап кеткен, менің Мөлдір Мұқан апам жалғыз өзі тұнжырап қалған сәттер болды.
Сондай кезде топ ішінен қара үзіп Қайрат ғана апамның көңілін аулады. Нағыз ер азаматқа тән қасиет. Сын сағатта қолдау жасау, әсіресе әйел адамның көңіліне қарау нағыз ер жігітке тән мінез.
Шоу бизнес әлемінде достыққа берік екі адам болса соның біреуі дәл осы Қайрекең. Сөз жоқ, Мөлдір өте мықты әйел. Тұрсынбексіз де аяғына тік тұрды. Ал оған осылай қолдау жасау, көңіліне демеу болу одан сайын жігерлендіреді. Бала-шағасын ешкімнен кем қылмай, жеткізсем деп шапқылап жүр. Иман, тәрбие, адалдық атты қасиеттер көз жанарында жазылып тұр. Ең бастысы, өзі сияқты жалғызбасты әйелдерге мотивация мен үлгі беріп келеді.
Сондықтан, Торғайдың текті қызына тек сәттілік тілеймін. Ал Қайрат Нұртас қазақ эстрадасында өнерді ғана емес отбасылық құндылықты дәріптеп жүрген үлкен азамат. Бес баланың әкесі. Жан-жағындағы достарына да көңіл бөліп, дарқан мінезін көрсетіп келеді. Менің ойымша, Қайрат та, Мөлдір де қазіргі қазақ өнерінің өнегелі тұлғалары. Аман болыңыздар!» — деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
1