«Тұтас бір континентті «абориген» деп кемсітті»: журналист депутат Жаңбыршинді сынға алды

Желтоқсан 24, 2024 - 16:16
Желтоқсан 24, 2024 - 16:17
«Тұтас бір континентті «абориген» деп кемсітті»: журналист депутат Жаңбыршинді сынға алды

Журналист Серік Хасенов Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршинның үкімет сағатында «Air Astana» АҚ бас атқарушы директоры Питер Фостерге жасаған ескертуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sadaq.kz ақпарат порталы. 

«Ең бірінші Жаңбыршиннің надандығы туралы. Әрине, ұлтшыл, комплекске толы адам үшін бұл жәй ғана сөз. Ол тұтас бір континентті қорлап сөйледі ғой негізі.

Бір еуропалық отырып, біз түркі халықтары сияқты диктаторлардың жеке меншігі емеспіз десе қалай? Шамыңызға тие ме? Сол депутатты сол күні итжеккенге айдап жіберетін еді өздері. Себебі, ол сау қоғам ғой. Тұтас бір континентті «абориген» деп кемсіткен адамға тамсанып біз отырмыз, сөйтіп жүріп адам болғымыз келеді еще.

Екіншіден мен бұл жерде «Жаңбыршиннің көздегені не?» деген сұраққа баса назар аудару керек деп есептеймін. Егер әуекомпаниясы бірдеңені дұрыс жасамаса, оны реттеу керек, мемлекеттік жауапты органдар бар ғой. Неге соны қозғамайды? Олар неге жұмыс істемей отыр?Кім-кіммен ауыз жаласқан деп неге зерттеу жасап, факт жинап келмейді. Түбі стрелка АП-ға не тигрға әкелетінін бәрі біледі, оған сіздердің «ерлік жасағыш» депутаттарыңызда көт те, білім де жоқ», - деп жазды ол.

Журналис Фостерді әкеп «тергеп» жатқандарында бір гәп бар деген пікірде. 

«Үшіншіден ол кісі «Бізді халық сайлады, мына жерде отырғандар халық қалаулылары» деді. Біздің елде ешқандай әділ сайлау жоқ. Ол жерде тағайындалғандар ғана. Оны өздері де біледі ғой.
Жалпы Фостер дегенді әкеп «тергеп» жатқандарына қарағанда бір гәп бар-ау. Бағана біреулер «Айр Астананы» Иванов дей ме біреуге бермек деп жатыр еді. Мен осы жерде бір ғана дүниені ескерткім келеді. «Арселлор Митталдың» қалай қолдан қолға көшкенін бәрін білеміз ғой.

Аяқ асты бір «батырлар» дәл осылай мінберден шүйлігіп, қаншама шахта аяқ асты жарылып, қаншама адам көз жұмды. Бәрі сценарий бойынша тез-тез жасалды ғой. Содан «мә саған», «мә маған» бір басшының орнына екіншісі келе салды, бірақ, одан халыққа пайда болмады.

Жалпы біздегі бір бизнесті шетелдік олигарх не менеджерден алып орыстарға беретін кезде адам шығыны болатыны қызық құбылыс маған. Құрметті қолдан қолға бизнес өткізуге жауапты, АП-дағы мырзалар! Ешқандай самолётты аспаннан құлатпай-ақ қолдан қолға өткізе салыңыздаршы. Біз бәрібір оған қарсы шықпаймыз», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow