Уәдесінде тұрды: Қайрат Әділгерей Құрманғазы кесенесіне барып, халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Желідегі даудан кейін танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей уәдесінде тұрды. Ол Астрахан облысындағы күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының кесенесіне арнайы барып, өткен іске өкініш білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz ақпараттық порталы.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актердің бірнеше жыл бұрынғы подкастта айтқан пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Тіпті, күйшінің Оралдағы ұрпақтары мен ақсақалдар қауымы бұл сөзді «аруақты қорлау» деп бағалап, актерді сотқа беретіндерін мәлімдеген еді. Сол кезде Қайрат Әділгерей өз қателігін мойындап, баба басына барып құран бағыштауға уәде берген болатын.
Оқи отырыңыз: «Қателігімді мойындаймын»: Қайрат Әділгерей Құрманғазының ұрпақтарынан кешірім сұрады
Жуырда актер кесене басынан видео жариялап, халықтан тағы бір мәрте кешірім сұрады. Сапар барысында ол арнайы мал сойып, ас беріп, зират еткен.
Желі қолданушыларының реакциясы: «Сотқа береміз деген соң барған шығар»
Актердің бұл қадамы желіде түрлі пікір тудырды. Оқырмандардың басым бөлігі «бұл өзгелерге сабақ болуы тиіс» дегенді айтса, кейбірі оның өкінішіне күмәнмен қарауда.
Дегенмен, актердің қателігін мойындап, алыс жолға шығып, баба рухына тағзым еткенін ерлікке балап, «кешірімді болу керек» деп қолдау білдіргендер де жоқ емес.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0