Украина әскерінің қолбасшысы Залужный оставкаға кетті
Орнына осыған дейін құрлық әскерінің командирі болған генерал-полковник Александр Сырскийді тағайындалды
Украина президенті Владимир Зеленский Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйды отставкаға жіберді. Зеленский ел әскеріне бас қолбасшы етіп осыған дейін құрлық әскерінің командирі болған генерал-полковник Александр Сырскийді тағайындады. Бұл туралы Украина президенті телеграмм-каналында мәлімдеді.
"Генерал Валерий Залужныймен кездесіп, Украинаны қорғаған екі жыл үшін алғыс айттым. Украина қарулы күштеріне қандай өзгерістер керегін талқыладық. Украина қарулы күштерін кім басқара алатынын да ақылдастық. Қазір өзгеретін уақыт келді. Валерий Федоровичке командада қалуды ұсындым" деп жазды Зеленский.
Ал Залужный президентпен "маңызды әңгіме болғанын" атап өтті.
"2022 жылдың міндеті мен 2024 жылдың міндеті екітүрлі. Сондықтан бәрі жаңа жағдайға бейімделуі керек. Стратегияға өзгеріс керек деген шешім қабылданды" деді ол.
Александр Сырский Ресейде туған. 1980 жылдан бері Украинада тұрады. Алғашқы әскери білімін Мәсеуде алған. Одан соң Украинаның қарулы күштерінің академиясын және Украина қорғанысының ұлттық академиясын тәмамдады. 2019 жылдан бері Украинаның құрлық әскерін басқарды. 2022 жылы ақпанда Сырский Киевтің қорғанысын басқарып, сол үшін Украина батыры атағын алған.
Сіздің реакцияңыз қандай?