Ақмола облысында шенеунік жауапқа тартылды

Прокурорлық сүйемелдеу барысында жер учаскесін беру жөніндегі конкурс өткізу кезінде Үлгі ауылдық округінің әкімі қатысушылардың біріне мемлекеттік тіркеу есебіндегі деректерге сәйкес келмейтін тұрғылықты жері туралы анықтама бергені анықталды.

Қазан 9, 2026 - 17:44
 0  3
Ақмола облысында шенеунік жауапқа тартылды
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысында ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қатысты мәліметтермен облыстық прокуратураның баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

2026 жылы 9 қазанда құзырлы орган Біржан сал ауданының прокуратурасы бордақылау алаңын салу жобасын іске асырып жатқан "Zere Agro Holding" ЖШС-ның құқығын қорғағанын нақтылады.

"Құны 600 млн теңге құрайтын инвестициялық жоба 10 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Жобаны іске асыру барысында инвестор жер учаскесін алу кезеңінде кедергіге тап болған", делінген түсініктемеде.

Прокурорлық сүйемелдеу барысында жер учаскесін беру жөніндегі конкурс өткізу кезінде Үлгі ауылдық округінің әкімі қатысушылардың біріне мемлекеттік тіркеу есебіндегі деректерге сәйкес келмейтін тұрғылықты жері туралы анықтама бергені анықталды.

Осы анықтама негізінде жер комиссиясы аталған қатысушыға негізсіз қосымша балл есептеген. Бұл конкурс нәтижесіне әсер етіп, инвестордың құқықтарының бұзылуына әкелген.

Аудан прокуратурасы тиісті шаралар қабылдады.

"Үлгі ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 173-бабының 1-бөлігі бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды".Ақмола облысының прокуратурасы

Сонымен қатар істі қарау нәтижесінде сот конкурс қорытындысын жойды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0