Жетісу облысында оқушы өлімі тіркелді
Жанжал кезінде оқушылардың бірі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Жетісу облысында оқушылар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға сабақ аяқталғаннан кейін болған. Жанжал кезінде оқушылардың бірі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстаған. Ол заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген. Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған баланы өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Бұдан бөлек, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін тиісті деңгейде орындамау дерегі бойынша мектеп қызметкерлеріне қатысты да қылмыстық іс тіркелген.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.