Утиль алымына қатысты отырыс өтпей қалды

Өңірлерден қоғам белсенділері келді.

Маусым 7, 2024 - 09:19
 0  216
Утиль алымына қатысты отырыс өтпей қалды
Фото: istockphoto.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Утилизация алымы туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтпегенін мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше петицияның бастамашылары отырысқа қатысудан бас тартқан.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимаратына – стратегиялық нысанға кіру регламентіне сәйкес келушілер ұялы телефондарын кіреберісте қалдыруға тиіс. Алайда өтініштің бастамашысы Санжар Боқаев және оның өкілдері регламент талаптарын орындаудан және жұмыс тобының отырысына қатысудан бас тартты, - деп жазылған хабарламада.

Министрлік барлық мүдделі тарап шақырылғанын, жұмыс отырысының түсірілімі және отырыстың хаттамасы қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Отырысқа қатысу үшін парламент депутаттары, өнеркәсіп вице-министрлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Өңірлерден қоғам белсенділері келді. Алайда біз жоспарланған іс-шараны тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені петицияның бастамашысы оған қатысудан бас тартып, министрліктің Жұмыс тобының отырысынан кейін бейнежазбаны ұсынуына келіспеді», - деді ӨҚМ баспасөз қызметі.

24 мамырда E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утиль алымға қатысты петицияға 50 мың адам қол қойды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0