Василий Тахтай Астана күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

Мамыр 13, 2026 - 17:00
 0  13
Василий Тахтай Астана күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

ММА бойынша әлем чемпионы және TAKHTAY TEAM клубының негізін қалаушы Василий Тахтай Астана күрес федерациясында медиа және коммуникациялар жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Stan.kz-ке сілтеме жасап. 


Василий Тахтай 1996 жылы дүниеге келген. Ол ММА бойынша әлем чемпионы, аралас жекпе-жектен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, панкратион және жауынгерлік джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы. Кәсіби деңгейде 10 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен.
"Дене шынықтыру және спорт" мамандығын тәмамдаған. Сондай-ақ оның бизнес және басқару саласы бойынша магистр дәрежесі бар.


Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласындағы №7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. Кейін Спортты дамыту дирекциясында жұмыс істеген. Қазір ол “TAKHTAY TEAM” кәсіби жекпе-жек клубының негізін қалаушы, бұл клубта 3000-нан астам спортшы жаттығады.

Сонымен қатар Василий Тахтай – Астана қаласының жастар мәслихатының депутаты, "Дала қырандары" қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі, Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің мүшесі және блогер.


Федерация өкілдерінің айтуынша, ол кәсіби спортты дамытуға белсенді үлес қосып, қоғамдық тәртіпті қолдап, салауатты өмір салтын насихаттап келеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0