Үндістан қазақстандықтарға 30 күнге дейін тегін виза береді: Саяхат па, әлде тәуекел ме?
Үндістан билігі Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы маңызды шешім қабылдады. Енді отандастарымыз Үндістанға бару үшін 30 күнге дейінгі туристік, медициналық немесе ілесіп жүруші (accompanying) визаларын тегін рәсімдей алады. СІМ хабарлауынша, құжатты e-Visa порталы арқылы онлайн немесе елшілік арқылы алуға болады. Бұл қадам екі ел арасындағы туристік және іскерлік байланысты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алайда, дәл қазір Үндістанның кейбір өңірлерінде (атап айтқанда Калькутта мен Батыс Бенгалия штатында) вакцинасы мен емі жоқ Нипах (Nipah) вирусы өршіп тұр. Мамандардың айтуынша, бұл инфекцияның өлім-жітім көрсеткіші 75%-ға дейін жетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны аса қауіпті аурулар тізіміне қосқан.
Оқырман қауым «тегін визаға» алданбай, денсаулықты бірінші орынға қою керектігін айтып, әлеуметтік желілерде өз пікірлерін ашық білдіруде: «Есі дұрыс адам тегін болса да бармайтын шығар ол жаққа», «Үндістанда не бар? Емі табылмаған вирусты жұқтырып келу үшін бе?», «Бір жерлеріңді қысып отырыңдар бармай, вирус!».
Қазақстанның Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де қауіпті аймақтарға баруды жоспарлаған азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, ал мүмкіндік болса, індет тұрақталғанша сапардан бас тартуға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0