Үсік, бұрқасын, көктайғақ: қазанда ауа райы қандай болады

Қазан 2, 2026 - 09:00
app_badging Қазан 2, 2026 - 09:15
chat_bubble  0 visibility  2
Үсік, бұрқасын, көктайғақ: қазанда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Қазан айында Қазақстан аумағында ауа райы жылы және жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазан айының алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы +15+25°С аралығында болады деп болжанып отыр.

Одан кейін Солтүстік циклонның әсерінен республиканың барлық аумағында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі. Жел күшейіп, оның екпіні 15-28 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік жартысында бұрқасын болуы ықтимал. Арктикалық ауа массаларының енуіне байланысты тұман түсіп, көктайғақ болады және үсік жүруі мүмкін.

Ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, алайда бұл кезең ұзаққа созылмайды: 

елдің батысында, солтүстік-батысында түнде -6+5°С, күндіз +2+11°С- қа дейін; солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -1-6°С, күндіз 0,+8°С- қа дейін;

республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде 0,+5°С, күндіз +10+15°С, таулы аудандарда түнде -2-10°С, күндіз +5+10°С-қа дейін сынап бағанасы төмендейді.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының келуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы +15+20°С-қа дейін, оңтүстік-батыста және оңтүстік жартысында +18+28°С-қа дейін жоғарылайды.

Қазан айының екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа райы құбылмалы болады:

батыс және солтүстік-батыс өңірлерде түнде +5+12°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +18+28°С-тан +10+20°С-қа дейін; 

елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +3+8°С-тан -1-8°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-тан +3+13°С-қа дейін;

оңтүстік жартысында түнде +5+10°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-тан +20+30°С-қа дейін күн жылы болады. Кейбір кезеңдерде ауа температурасы түнде -1-6°С, күндіз +10+15°С болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0