«Заң бәріне ортақ»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің үстінен арыз түсірді

Адвокат өз қорғаушысының мұндай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтты.

Қазан 8, 2025 - 16:25
Қазан 8, 2025 - 17:32
«Заң бәріне ортақ»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің үстінен арыз түсірді
Фото: Айгүл Орынбектің парақшасынан

Белгілі актриса Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың үстінен шағымданды. Бұл туралы адвокат Айгүл Орынбек Instagram парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Адвокаттың айтуынша, Дархан Мұсаевтың отбасылық құпияны жария етіп, өзара хат алмасын көпшілікке таратуы – адамның ар-намысына тиюі. Сондықтан жауапкершілікке тартылуы қажет деп санайды. 

– Адамның жеке өмірі мен жеке шекарасын құрметтеуді үйренетін уақыт жетті! Дариға барынша сабырлық пен түсіністік танытып келді. Бірақ отбасылық құпияны жария ету, жеке хат алмасулар мен аудио-видеожазбаларды көпшілікке таратамын деп мәлімдеу,  бұл – адамның ар-намысына тиіп қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін әрекет! Мұндай әрекет – бопсалау мен қысым көрсетудің айқын көрінісі. Бүгін біз Дарханның үстінен ресми түрде арыз түсірдік, – деп жазды Айгүл Орынбек.

Адвокат өз қорғаушысының мұндай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтты.

Бұл шешімге баруға мәжбүр болдық, себебі заңсыздыққа үнсіз қарау – әділетсіздікке жол беру деген сөз. Енді бәрі заң аясында, құқықтық алаңда шешіледі деп сенеміз. Дариға әлеуметтік желіде өз өмірін талқылауға міндетті емес. Жеке өмір – адамның ең қасиетті кеңістігі, оған қол сұғу – адам құқығын бұзу! Заң бәріне ортақ. Оны орындау – қоғам алдындағы азаматтық және адамдық міндет! Біз әділдіктің орнауына сенеміз!, –  деді ол.

Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Дархан Мұсаев 16 жыл отасқан. Олар   былтыр күзде ресми түрде ажырасқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow