Зайсан көлінде қайық аударылып, екі балықшы суға батып кетті

Қыркүйек 18, 2026 - 10:21
 0  10
Зайсан көлінде қайық аударылып, екі балықшы суға батып кетті
Фото: Pixabay

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде балықшылар мінген қайық аударылып, екі адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

КТК телеарнасының жазуынша, оқиға Тұғыл ауылдық округі аумағында болған. Үш азамат балық аулау үшін көлге шыққан кезде қатты дауыл соғып, қайық төңкеріліп кеткен.

Жергілікті тұрғындар 58 жастағы балықшыны жағаға аман алып шыққан. Ал оның жанында болған 58 және 31 жастағы екі адам суға кеткен.

Құтқарушылардың мәліметінше, балықшылардың үстінде құтқару кеудешесі болмаған.

Іздеу жұмыстарына қайықтар, су асты дроны, эхолот және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

"ТЖД жедел штаб құрды. Қайық, су асты дроны, эхолот және дронмен іздеп жатыр. Күн райының қолайсыздығы қиындық тудырып жатыр", – деді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерік Тұрсынғалиев.

Іздеу-құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына қарамастан жалғасып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0