«Жаның жәннатта болсын»: Бағлан Әбдірайымов досын сағынышпен еске алды
"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов марқұм досы Нәби Аймұратовты еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі досына деген сағынышын жеткізіп, өткен күндерді еске алды.
"Өмір деген осы екен. Сен кеткенде жыладық. Қимай, ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрдік. Әніңді естісек көңіліміз босап кететін. Қызылордаға барсақ үйіңе соғып, ата-анаңа сәлем беріп, Құран бағыштап қайтатын едік. Достарың көп еді. Өзің жұлдыз едің, жарық едің. Бірақ уақыт бәрін өз ағысымен алып кетті. Бәрі де артта қалды. Тіпті кейде еске алмайтын күндер де көбейді. Өмір өтіп жатыр. Жаның жәннатта болсын, досым. Кешір бізді... Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір", – деп жазды әнші.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
1
Жарайсың
0