«Жансақтау бөлімінде жатыр»: Экс-депутат Бақытжан Базарбек адам қағып кетті деп айыпталды
Жамбыл облысында экс-депутат Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасына қатысып, адам қағып кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Бақытжан Базарбек басқарған Toyota көлігі жолда тұрған ер адамды қағып кеткен. Оқиғаға дейін де аталған учаскеде басқа жол апаты болып, көлік жолдағы малды қағып кеткен көрінеді. Соның салдарынан малдың өлексесі жолда қалған. Оны жолдан алып тастау үшін бір ер адам трассаға шыққан сәтте Toyota көлігі қағып кеткен. Апат Т. Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылының маңында болған.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азамат ауыр жарақат алып, аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Оқиғадан кейін Бақытжан Базарбек медициналық тексеруден өткен. Оның ағзасынан алкоголь анықталмаған.
Жамбыл облысының полиция департаменті жол апаты фактісін растады. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицияның мәліметінше, істің мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0