«Жаппай психозға түсіреді»: Омар Жәлел тойдағы асабалардың айласын әшкереледі

Қараша 17, 2025 - 14:10
Қараша 17, 2025 - 15:11
«Жаппай психозға түсіреді»: Омар Жәлел тойдағы асабалардың айласын әшкереледі
Фото: Ақорда

Танымал абайтанушы Омар Жәлел қазіргі тойларда қонақтарды өзіне қарату үшін автократиялық, тоталитарлық әдіс қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

«20-ғасырда палатқада өткен тойлар әлдеқайда мағыналы болатын. Өйткені қонақтардың тойдан қарны ғана емес, көңілі тойып қайтатын. Халықтың тойы еді. Кәдімгідей ол тойға дайындалатын. Ешқандай әнші шақырылмайтын. Арнайы асаба да болмайтын. Сол ауылдың жігіті басқара береді. Халық керемет демалып қайтатын. Ән айтып, ішіндегі шерін шығаратын. Көңілін емдейтін», - деп бастады әңімесін Омар Жәлел.

Ол қазіргі тойларға көңілі толмайтынын атап өтті. Айтуынша, музыканы қатты қоятыны соншалық, қасыңдағы адаммен де сөйлесе алмайсың.

«Бұл әдейі істелінеді. Жаппай психозға шалдықтыруды көздейді. Сен сол жердегі ахуалдан шықпауың керек. Адамдарға сөйлесуге мұрша берілмейді. Барлығы той басқарушының аузына қарап отыру керек. Соның ыңғайымен жүріп-тұрып, ығына жығылу керек. Бұл тойдағы автократиялық, тоталитарлық әдіс қой», - деп түйіндеді абайтанушы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow