«Жас қыздың омырауына қол салғаны несі...»: Желі қолданушылары Асанәлі Әшімовтің әрекетін сынға алып жатыр (ВИДЕО)
Көрнекті театр және кино актері, режиссер, Қазақстан және КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің әрекеті желіде қызу талқыланды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актердің той кезінде қыз баланың кеудесіне қол жүгірткенін видеодан байқауға болады. Оның әр жағынан көпшілік қауымның дастархан басында отырғанын, асабаның сөйлеп тұрғанын көруге болады.
Асанәлі Әшімов «Қалай жағдай?» деп біраз іркіліп қолын қыз баланың кеудесіне қояды. Қыз бала болса «жақсы аға, қалыңыз қалай?» деп күліп жауап қайтарады.
«Қыз Жібекті аңсап жүр ғой», «Жақсы қартаю керек қой. Үлкен басымен ұят емес пе? Ұялмайсың ба?», - деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?