Жазушы Сәбит Мұқановтың қызы өмірден озды

Желтоқсан 1, 2024 - 13:51
 0  142
Жазушы Сәбит Мұқановтың қызы өмірден озды

Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанованың қызы Баян Мұқанова қайтыс болды.

Баян Сәбитқызының қайтыс болғанын С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені мамандары хабарлаған.

"Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына ортақтасып көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.

Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Ол 1943-1951 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды.

Оның әйгілі шығармаларының қатарында "Ботагөз", "Сырдария" романдары мен "Өмір мектебі" өмірбаяндық трилогиясы бар. 

Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты болды, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0