Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі жұмысшысын ұрып өлтірді

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында бір фермердің шаруа қожалығында Дмитрий Рябцев әйелі және 2 баласымен жұмыс істеген.

Желтоқсан 2, 2024 - 10:26
Желтоқсан 2, 2024 - 10:27
Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі жұмысшысын ұрып өлтірді

Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі сауаты жоқ ер адамды екі жас баласының көзінше ұрып өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Басылым мәліметінше, бұрынғы әкім әлі күнге бостандықта жүр. Экс-әкімнің ағасы жол полициясының бұрынғы бастығы, ал тағы бір туысы судья екені белгілі болды.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында бір фермердің шаруа қожалығында Дмитрий Рябцев әйелі және 2 баласымен жұмыс істеген. Бірақ бұл отбасымен еңбек шарты жасалмаған және әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген. Бұл отбасыда байланыс құралдары да болмаған. Ер адамнан бөлек, оның отбасы да жұмысқа жегілген. Ақысыз жұмыстан қажыған Дмитрий Рябцев отбасымен бірге қожалықтан кетіп қалады. Олар Жаңаарқа ауданындағы арзан қонақүйге орналасады.

Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі Сәкен Оспанов ер адамның қонақүйде екенін біліп, сол жерге барады. Басылымның мәліметінше, әкімнің ол жерге не үшін барғаны белгісіз. Бірақ бұрынғы шенеуніктің де үлкен шаруа қожалығы болған.

Бұрынғы әкім қонақ үйге жалғыз келмеген. Оны туған ағасы – Жаңаарқа ауданының жол полициясының бұрынғы бастығы ертіп келген. Бұрынғы әкім Дмитрий Рябцевті көшеге шығарып, әңгімелескен. Кейін шенеунік ер адамды балаларының көзінше ұра бастады. Ер адам ауыр соққыдан оқиға орнында көз жұмды. Жұмысшының балалары әкесін Сәкен есімді ер адам ұрып-соққанын айтты.

Оспанов ұсталды. Әкімнің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ ол бостандыққа шығып кеткен. Прокурорлар экс-әкімнің бостандыққа шығу себебін оның гипертониямен ауыратынымен байланыстырды.

Сондай-ақ Оспановтың қатысуымен тергеу органы қазан айынан бері бірде-бір тергеу жүргізбеген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow