Желі жұлдызы атанған мектеп директоры Димаштың қолынан Еуропаға жолдама ұтып алды (ВИДЕО)

Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әніне челлендж түсіріп, желі жұлдызына айналған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза әншінің қолынан Еуропаға жолдама ұтып алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Енді ол Димаштың Еуропадағы концерітне қатысады. Алтын билетті әншінің анасы Света Айтбаева табыстады.
"Бірінші орын алдық. Барлығы сіздердің қолдауларыңыздың арқасында!", - деп жазды А. Нұртаза.
Айта кетейік, бұған дейін Turkystan халықаралық газетінің тілшісі танымал болған мектеп директорымен сұхбаттасқан болатын. Ақмоншақ Нұртаза – Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






