«Желтоқсаншы жастарды азаптаған»: Желіде Досым Сәтбаевтың әкесіне қатысты ақпарат тарады
Желіде белгілі саясаткер Досым Сәтбаевтың әкесіне қатысты шулы ақпарат тарады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Ақпаратта саясаткер Асылбек Сәтпаевтың кезінде КГБ қызметкері болғаны айтылады. Ол 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісін басуға жұмылдырылған жендеттердің бірі болған.
Ақпаратты Алмас Алтай есімді журналист жариялаған. Айтуынша, ақпаратты yvision.kz сайтынан алған.
«КГБ архивтерін қопарып жүретін Константин Богусловский деген тарихшы, архивші бар екен. Сол Костя жариялаған бір құжатты көрдім бүгін, yvision.kz сайтында тұр, сілтемесін ілем.
Фотосы төменде тұр: бұл 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісін басуға жұмылдырылған КГБ қызметкерлерінің тізімі. Көпшілігі өзге ұлт, үш әлде төрт қазақ. Солардың бірі капитан Асылбек Сәтпаев...
... Досым Сәтпаевтың әкесі көрінеді.
"Қазақстанда кімнің кім екені туралы" деген энциклопедияда Сәтпаев Асылбек Тұрмұхамедұлының КГБ дан соң ҚР ҰҚК істегені де жазылыпты. Демек, әуел бастан арнайы қызметтердің жауынгері деген сөз...
Асылбек Сәтпаевтың 1986 жылдың 17, 18 желтоқсан күндері қандай қайраткерлік жасағанын білмейміз... Мүмкін, кеңседе қағаз жазып отырған шығар... Бәлкім, қарусыз студент жастарды сапер күрегімен, арматура кесіндісімен ұрған шығар... Тіпті, кейін көшеге шыққан студенттерді тергеген болар, оқудан шығаруға дейін жұмыстанған болар, кім білсін, алыста қалды ғой қазір...
Анығы, мынау құжатта жазылғандай "Алматы қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге" атсалысқаны...
Досым Сәтпаев қазір атаққа шыққан саясаттанушы, демократиялық құндылықтардың қорғаушысы. Ал, оның сүйікті әкесі Асылбек Сәтпаев Желтоқсан Көтерілісі кезінде демократия қарлығаштарының тірсегін қиған кәнігі КГБшник болыпты. Тағдыр деген қызық я...», - деп жазған ол өзінің facebook пaрaқшaсындa.
Алайда жұрт бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жазып жатыр. Себебі, көрсетілген құжатта ешқандай мөр басылмаған. Оның үстіне ақпарат осыдан бес жыл бұрын жарияланған ескі ақпарат болып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?