«Жеңісің құтты болсын»: Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады (ФОТО)

Ақпан 26, 2026 - 22:21
 0  16
«Жеңісің құтты болсын»: Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады (ФОТО)
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, оған көлік сыйлады. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған жазбаларда айтылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Белгілі болғандай, бұған дейін өнер иесі спортшының ірі жеңісінен кейін оған автокөлік сыйлайтынын мәлімдеген еді. Жуырда сол уәдесін жүзеге асырып, чемпионға жаңа көлік табыстаған.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, Михаил Шайдоровқа заманауи үлгідегі жаңа автокөлік сыйға берілген. Көліктің сыртында арнайы жазу да бейнеленген.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров халықаралық аренада ел намысын қорғап, Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен еді. Ал Димаш Құдайбергеннің бұл қадамы көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, қызу талқылануда.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0