«Жетінші сәбиіне жүкті»: Төреғали Төреәлі ерекше отбасылық видеосын бөлісті

Сәуір 7, 2026 - 09:31
chat_bubble  0 visibility  0
«Жетінші сәбиіне жүкті»: Төреғали Төреәлі ерекше отбасылық видеосын бөлісті
фото: әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі халыққа жаңа әнін ұсынды. Әннің тизері оның желідегі парақшасында жарияланған. Ал видеода оның жары Толқын Тұрарбекқызының аяғы ауыр екенін көруге болады, деп жазады sadaq.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Төреғали Төреәлі жаңа "Сенем саған" деген әнін жарына арнаған көрінеді. Себебі әнші жариялаған видеоға ол жарымен бірге түскен. Сонымен бірге видеодан Толқын Тұрарбекқызының аяғы ауыр екенін көруге болады. Желі қолданушылары болса, оның жетінші сәбиіне жүкте деген болжам жасады.

"Жұбайыңыз нағыз дана, ұстамды, парасатты, ізгі, білімді әйел. Өзіңіз де жақсы білесіз. Құдайдың сізге берген бағы. Бүгін ғана жұбайыңыз Толқынды ойлап қойып едім. Төреш замандас, іні-бауырға Құдай асыл, аппақ, адал жұбайын бере салған. Тіл-көзден сақ болсын!", - деп… Аман-есен жаны қалсын! Екі дүниеге қайырлы, ізгі ұрпақ өмірге келсін! Барлығы Алладан", "Екеуінің махаббаты күшейген сайын бала да көбейе береді", "Керемет! Алла ғұмырымен берсін. Өсіңіздер, өніңіздер. Өте керемет жансыздар. Алла ажыратпасын", "Өзі бір бала болған соң, ұлдарын көбейтіп жатқан болар. Төреәлі ағамыз бен Аягөз жеңгеміздің бір ұлы 10 ұл болсын. Қыздары моншақты болсын!", - деп жазды желі қолданушылары.

Десе де, бұл видеоның қашан түсірілгені белгісіз. Әнші жарының жүктілігі жайында ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кету керек, бүгінде Төреғали Төреәлі мен Толқын Тұрарбекқызы алты перзент тәрбиелеп отырғаны белгілі. Алтыншы сәбиін Толқын 2024 жылы өмірге әкелген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0