Жетісуда лауазымды тұлғалар сотталды

Мамыр 21, 2025 - 12:40
Жетісуда лауазымды тұлғалар сотталды
Фото: видеодан скрин

Жетісу облысында табиғи монополияларды реттеу департаментінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Талдықорған қалалық соты облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А. Сағымбековке және "Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы" АҚ басқарма төрағасы А. Күзембаевқа қатысты үкім шығарды.

Алматылық судьялар 75 миллион теңге пара алған шенеунікке түрме жазасын тағайындамай, 35 мың пара алған қарияны 3 жылға қамаған

Шенеунік облыс тұрғындарына электр энергиясын тасымалдаудың арттырылған тарифін бекітуге 500 мың теңге көлемінде пара алған, ал электр желілері кәсіпорны басшысы пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Сағымбеков пен Күзембаевқа 15 миллион теңге және 10 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ANTIKOR (@antikor.kaz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow