«Жылағым кеп кетті»: Жаттығу залында «Балқадиша» әнін айтқан жас дзюдошы жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Мамыр 13, 2025 - 16:29
«Жылағым кеп кетті»: Жаттығу залында «Балқадиша» әнін айтқан жас дзюдошы жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

«Балуан Шолақ мақтанар еді: Жас дзюдошы Балқадиша әнін айтып қазнетті шулатты». Желіде дәл осындай мәтінмен жас спортшының тамылжыта ән айтқан видеосы кеңінен таралып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Жаттығу залындағы үзіліс кезінде «Балқадиша» әнін айтқан жас спортшы дзюдомен айналысады.

Көпшілік «Олимпиада чемпионы атанып, біздің Әнұранды өз дауысыңмен шырқа», «Дауысы өзі де өлеңді түсініп, эмоционалды әдемі жеткізіп тұр. Тьфа-тьфа!», «Қандай әдемі дауысы, дауысы жоқтар да ән айтып, көкірегін керіп жүр ғой», «Пах, шіркін, керемет! Өнерің өрге жүзсін», «Мәәәә, қандай тамаша орындау. Жылағым кеп кетті ғой», деп пікір жазуда. 

Сонымен қатар оны әрі ақын, әрі балуан болған Балуан Шолақтың ізбасары деп айтуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow