«Жүрегіңе пышақ сұғып өлтіремін»: Түркістанда имам әйелін ұрып-соғып, қорқытқан

Ақпан 28, 2024 - 16:51
Ақпан 28, 2024 - 18:47
«Жүрегіңе пышақ сұғып өлтіремін»: Түркістанда имам әйелін ұрып-соғып, қорқытқан

Түркістан облысында жеті баланың анасы үй қамақта отырғанын айтты, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Көреміз»  бағдарламасына келген Гауһар Жұмаділләның күйеуі Түркістан облысы, Темір ауылында бас имам қызметін атқарады. 

«2010 жылы шаңырақ көтердік. Бір аптаның ішінде танысып, асығыс үйлендік. Екінші тұрмысым. Ажырасып, оқуда жүрдім. Бірінші некеде балам шетінеп, ажырасып кеттім. 23 жасымда 35 жастағы имаммен некелестім. Ол бұрын үйленген, 4 баласы бар. Заң бойынша ажырасты. Бірінші некесінен балаларын ата-енем қараған, төртінші бала ауру болған соң қарайтын адам қажет болып маған үйленді», - деді ол.

Қазір күйеуі тіпті төркінімен араластырмай, туғандарынан алыстатып жіберген.

«Мен тіпті ауруханаға өзім бара алмаймын. Өзі апарады. Бала туғанда да тексерілуге баруға жібермейді», - деп шағымданды әйел.

Аурухана қызметкерлері де оның сөзін растап отыр. Аяғы ауыр кезінде мүлде тексерістен өтпеген. Балаларын да тексеруге апармаған.

Қазіргі уақытта Гауһар үйді балаларына беріп, күйеуімен ажырасқысы келетінін жеткізді. Үй қамақта отырған ол күйеуі аяусыз соққыға жығатынын айтты. Балалар да әкесінен оңбай таяқ жейтін көрінеді. Әйелін белдік, телефон қуаттағыштың сымы, киім ілгішпен сабайтын ол тіпті «жүрегіңе пышақ сұғып өлтіремін» деп бопсалаған. АСП көмегін күйеуі өзі алып, ақша да, балалардың құжатын да бермейді екен. 

Гауһар күйеуінің атынан арыз жазбаған, шағымданбаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow