Жұбайынан мәһрге принтер сұраған мұғалім желі жұлдызына айналды
Әлеуметтік желіде жұбайынан мәһрге түрлі түсті принтер сұраған мұғалімнің видеосы танымал болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жас жұбайлардың мешіттегі неке қию рәсімі кезінде имам келіншектен сыйлыққа не қалайтынын сұраған. Мұғалім жұбайынан түрлі түсті принтер алып беруін өтінді.
Көп келіншек әдетте алтын әшекей сұрайтыны белгілі.
«Алтын күте тұрсын, принтер маңыздырақ» - деп жазба қалдырды автор.
Қалыптасқан дәстүрді бұзған мұғалімге желідегілер әзіл аралас пікірлер қалдырып жатыр.
«Неке қиып жатса да, жұмысын ойлайтын мұғалімдер-ай», «мен де қазіргі уакытта тұрмыс құрсам солай айтар ма едім, мұғалімдер-ай, неге бізді Құдай осылай жаратты екен», «мен де 10 жыл бұрын мамандығыма байланысты принтер мен ноутбук сұраған едім, есіме түсіп кетті ғой», «киім алса да, мектепке киюге болатынын ойлап тұратын мұғалімдер-ай», - деп жазып жатыр қалың жұртшылық.
@arunahon я не пикми, упаси? настрадалась я без принтера, вот и попросила хороший цветной принтер, а сейчас кайфую #рекомендации #махр #имам #ислам ♬ оригинальный звук - arunahon
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0