«Жұғысты болсын»: Алтынай Жорабаева көптен күткен қуанышты жаңалығын айтты

Сәуір 12, 2026 - 13:19
chat_bubble  0 visibility  2
«Жұғысты болсын»: Алтынай Жорабаева көптен күткен қуанышты жаңалығын айтты
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Sadaq.kz.

Өнер иесі желідегі парақшасында қызының тұрмыс құрып жатқанын сүйіншілеп, болашақ құдаларымен танысқанын айтты.

“Балапандарымызға Тағдырдың тартуы тек тәтті болсын. Көп нәрсе айтқым-ақ, жазғым да келіп тұр. Балаңның әрбір қуанышы, ата-ана үшін мың есе қуаныш қой. Тәтті шәй тәттілермен басталды. Ақ көңіл, адал ниетпен ақ дастархан басында бас қосып, болашақ құдаларымызбен танысып, көңілімізді бірлеп алдық, шүкір.

Өміріміздің “құда-құдағи” деген асуы басталғалы жатыр, бұйырса. Әр белес , әр сәт - бақыт. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың тек қызығын көруді нәсіп ет Аллаһым. Артық сөз жазбай, ақ жарма тілектеріңізді жазып, балапандарға бақыт тілеп қойыңыздаршы.

Өйткені еселеніп өздеріңізге қайтады. Жұғысты болсын”,– деп жазды Алтынай Жорабаева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0