«Жүрегіміз езіліп кетті-ау»: Әнші Qanay сахнада егіліп жылап қалды(ВИДЕО)

Наурыз 30, 2026 - 12:05
 0  147
«Жүрегіміз езіліп кетті-ау»: Әнші Qanay сахнада егіліп жылап қалды(ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин
«Qanay» лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай сахнада көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 
Әнші сахнада “Мама” әнін орындау кезінде жақында дүниеден өткен анасын есіне алып, көз жасын тыя алмады. 
Соңғы ауыр жағдайлар өнер иесіне оңайға соқпады. Қаңтар айында әншінің әкесі де өмірден өткен еді. 
Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне түсіністікпен қарап, жұбату сөздерін жазды.
«Үнемі күліп, күлдіртіп жүретін адамның жылағанын көру қандай қиын», «Ананың орнын ешкім баса алмайды», «Жаным-ау, жүрегім езіліп кетті», «Қанайдың бұндай қалпын алғаш көруім. Анасын Алла рақымына алсын!», «Әкесі де, анасы да кетті-ау», «Мықты бол»,– деп жазды көпшілік.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0