Қыз зорлады деген Жанқош Тұраров титулдарынан айырылуы мүмкін

Желтоқсан 7, 2024 - 11:39
Қыз зорлады деген Жанқош Тұраров титулдарынан айырылуы мүмкін

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

34 жастағы боксшы бұған дейін 2023 жылы қазанда рингке шықты.

Тағы оқыңыз: «Қонақ үйде пәктігімді алып, зорлады» – Әнару Қалдыбек Жанқош Тұраров туралы сұхбат берді (ВИДЕО)

"IBO ережелері бойынша титулды жылына кемінде бір рет қорғау керек. Алайда 10 желтоқсанда қазақстандықтың кейінгі жекпе-жегі өткеніне тура бір жыл болады. Дереккөз мәліметінше, бұл Тұраровты чемпион атағынан айыруға себеп болады", - деп жазылған Vesti.kz ақпаратында.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров 28 қыркүйекте Алматыда рингке шығуы керек еді, бірақ оның венесуэлалық Хесуса Корреа Пинтоға (16-0, 16 КО) қарсы жекпе-жегі өткізілмеді.

Еске салайық, бұған дейін Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тараған болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow