«Ұшқыштар басқаруды толықтай өз қолдарына ала алмаған сияқты»: ұшақ апатына қатысты маман пікірі

Желтоқсан 25, 2024 - 16:04
Желтоқсан 25, 2024 - 16:04
«Ұшқыштар басқаруды толықтай өз қолдарына ала алмаған сияқты»: ұшақ апатына қатысты маман пікірі
әлеуметтік желіден алынды

Желіде Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты түрік пилотының пікірі тарады. Түрік пилотының жазбасын блогер Аршат Ораз өзінің facebook пaрaқшaсындa бөліскен, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Жазбада кәсіби маман ретінде апатқа ұшыраған Embraer ұшағының Airbus секілді сенімді әуе кемелеріне жататынын айтқан. Сондай-ақ Ақтау әуежайын да Каспий теңізі маңындағы қонуға ең қолайлы жерлердің бірі деген баға берген.

Өте қайғылы апат.

Аймақта тұрақты түрде ұшып жүрген және аймақты жақсы білетін ұшқыш ретінде, Каспий теңізі маңындағы қонуға ең қолайлы әуежайлардың бірі — Ақтау.
Әдеттегідей пікірлерде, ұшақты жерге ұрған ұшқыш деп кінәлағандар да, ұшақ моделін кінәлағандар да, 11 жылдық ұшақты ескі деп атағандар да бар…
Алғашқы мәліметтер бойынша, ұшақ әуелі ауа райы жағдайына байланысты бағытын өзгертеді, кейін круиз биіктігінде (ұшу биіктігі) «Mayday» сигналы беріледі. Білмейтіндер үшін, транспондерге 7700 кодын орнату – бұл төтенше жағдайды жариялау.

Одан кейін ұшақ «дельфин қозғалысы» (жоғары-төмен тербеліс) жасайды. Ұшақтың құлау видеоларында бұл қозғалысты анық көруге болады.

Embraer 190 типті ұшақ менің қолданған ұшағым емес, бірақ білетінімдей, бұл — fly-by-wire жүйесіндегі ұшақ. Яғни, басқару жүйесі сіздің берген командаңызды электронды түрде қанаттар мен құйрық бөлігіндегі беттерге жеткізіп, қозғалысқа әкеледі. Мысалы, Airbus 320 сериясы да осындай ұшақ. Ал Boeing 737 сериясы механикалық кабельдер арқылы қолмен басқарылады. Ал басқа дерлік ұшақтар электрондық жүйелерге тәуелді.

Мүмкін, дәл осы жүйеде ақау болған сияқты. Электрондық ақау орын алып, ұшқыштар басқаруды толықтай өз қолдарына ала алмаған сияқты. Ұшқыштардың соңғы сәтке дейін күрескені - өте өкінішті.

Адам факторының минималды рөлі бар, техникалық ақаудың кесірінен құлаған ұшақ секілді көрінеді.

Қайтыс болғандарға Алла рақым етсін. Бұл шынымен де ауыр апат…

Айта кететін тағы бір жайт, ұшақтың құйрық бөлігі әрдайым ең қауіпсіз, бірақ ең ыңғайсыз орын болып табылады. Бұл апаттың қирандыларында да осыны қайта көруге болады.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow