«Әкесі құлдықта, анасы «сатып» жіберген»: Әркімнің үйін жағалап күн көрген бала студияда әке-шешесін танымады (ВИДЕО)

Қазан 10, 2024 - 11:00
 0  2.8k
«Әкесі құлдықта, анасы «сатып» жіберген»: Әркімнің үйін жағалап күн көрген бала студияда әке-шешесін танымады (ВИДЕО)

14 жыл құлдықта болып, өз туған балаларынан айырылып қалған адам “Көреміз” ток-шоуына келіп тағдырын баяндады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Редакцияға 14 жыл бойы жоғалып кеткен қайын інісін іздеп, жеңгей хабарласқан. Оның айтуынша, қайын інісі малдың артынан кетіп, балаларынан із-түссіз айырылып қалған.

Тараз тұрғыны Рая Алтынбекқызы жантүршігерлік жағдаймен бөлісіп, “Көреміз” редакциясынан жәрдем беруін өтінген.

Айтуынша, күйеуінің інісі осыдан 14 жыл бұрын ізім-ғайым жоғалған.

«Алайда қайным таяуда табылса да, қасындағы кішкентай баланың қайда екені әлі күнге белгісіз»,-дейді!

Бағдарлама барысында құлдықта болған Әжімұрат есімді адам14 жыл бойы мал бағып, 2000-3000 теңге ғана алып отырғанын айтты. Өзі әріп танымайды, ақшаны тек түсінен ғана ажырата алады екен. Студияға бірінші әйелі Ботагөз есімді келіншек келеді. Ол Әжімұраттан тапқан 2 баласын сатып жіберген деген күдікке ілінген.

18 жасқа толған үлкен ұлын 9 жыл бойы көрмесе, кіші ұлын 2 жасында танымайтын біреуге ұстатып жіберген.

Студияға 18 жасқа толған ұлы келеді. Сорақысы ата-анасын танымайды. Осы уақытқа дейін әркімнің үйінде күн көріп келген.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 1
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 3
😢 Қайғылы 5
😮 Жарайсың 0