«1 миллиард теңге үшті-күйлі жоқ»: Айнұр Тұрсынбаеваның былығы ашылды(ВИДЕО)

Ақпан 5, 2026 - 13:51
Ақпан 5, 2026 - 14:05
 0  37
«1 миллиард теңге үшті-күйлі жоқ»: Айнұр Тұрсынбаеваның былығы ашылды(ВИДЕО)
Фото: Sadaq.kz. коллажы

Танымал психолог Ирина Раззах журналист Жанар Байсемізге  берген сұхбатында Айнұр Тұрсынбаеваның бар былығын ашық айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Оның айтуынша, Айнұр Тұрсынбаева ақша үшін халықты алдауын тоқтатпайды.

"Құдайындай сенеді халық. Қазақты ойласа неге қаңғыртып "чекап" деп Түркияға жібереді? Қазақстанда да бар ғой ол нәрсе. Соның жарнамасына сенген адамдардың бәрі таяқ жеген екен. Маған сонысы ұнамады. Ақша үшін бәріне жарнама жасай беретіні ұнамады. Одан кейін ол кісі ақша жинады. Дәріге халық болып ақша жинадық. Мен де эфирге шықтым. Соның атынан халыққа ақша жинайық, мына бала ауырып жатыр екен деп. Себебі мен Айнұрға сендім. Кейіннен ол баланы Дубайға апарып емдетті. Бірақ ол баланың анасына жазып документ сұрағанымда маған ешқандай да документ берген жоқ. Сол емге жиналған 1 миллиард теңге үшті-күйлі жоқ болып кетті", – деді ол.

"Айнұрға бұған дейін де сенбеген едім, енді мүлде сенбеймін", "Бәріне халықтың арқасында жетіп отыр", "Елге пайдасы тимесе, зиянын да тигізбесін", "Мәссаған, Айнұрдан мұндай нәрсе күтпедік", "Қазір ешкімге сенетін заман емес", "Анық-қанығын өзі айтсын", – деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0