23 жастағы түркістандық сәбиін саудаламақ болған
Павлодар облысында 23 жастағы әйел жаңа туған сәбиін ақшаға айырбастамақ болған. Ол жүктілігінің соңғы айында желі арқылы саудаласуға кіріскен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жүктіліктің соңғы айларында әлеуметтік желілер арқылы сатып алушылар іздеген.
"Туғаннан кейін әйел үш күндік сәбиін ақшалай сыйақыға беруге тырысқан сәтте ұсталды", – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары күдіктіні анықтап, қылмыстық ниетті тіркеп, ұстап, ауыр салдардың алдын алған.
“Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жаңа туған қыз бала дәрігерлер бақылауында. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр”, – делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0