Ұлттық қордан балалардың шотына қашан ақша түсе бастайтыны белгілі болды

Желтоқсан 12, 2023 - 18:33
Желтоқсан 12, 2023 - 18:35
Ұлттық қордан балалардың шотына қашан ақша түсе бастайтыны белгілі болды
Сурет ашық дереккөзден алынды

Ұлттық қордан әрбір баланың есепшотына 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алғашқы қаражат аударыла бастайды, деп хабарлайды sadaqmedia.

Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов мәлім етті. Ақшаны аударатын оператор – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.

«Ұлттық қор төлемдері 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап аударылады. 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сома аударылады. Кәмелет жасына 2024 жылы толатын балалар сол қаражат шотына түскен кезден бастап оны пайдалануға өтінім бере алады", - деді Айбол Арғынғазинов. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow